Ақтөбелік келіншек 5 наурыз күні сіңілісінің үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын
Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кеткен жүкті келіншек Динара Зарипова бүгін Орталық базардан табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 10 күн бұрын жоғалған Динара Зарипова бүгін Орталық базардан табылды, дені сау. Қазіргі кезде хабарсыз кету себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 32 жастағы ақтөбелік келіншек 5 наурыз күні сіңілісінің үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.