Алматыда Қазақстанның Еңбек сіңірген дәрігері Хамит Бегалин тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда Қазақстанның Еңбек сіңірген дәрігері Хамит Бегалин тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Салтанатты ашылу шарасына қайраткердің жақындары, әріптестері және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл және Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Хамит Бегалин тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты ашылу шарасына қайраткердің жақындары, әріптестері және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты. Айта кетейік, бұл үйдің қабырғасында Хамит Бегалиннің әкесі әрі жазушы Сапарғали Бегалин мен інісі, кинорежиссер Мәжит Бегалинге де арналған тақтайшалар қойылған.

1920-2004 жылдары аралығында өмір сүрген Хамит Бегалин Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, «Невада-Семей» Халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың қатысушысы болған. Республикалық медицина училищесін 30 жыл басқарды. Ол Қазақ ССР, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы Орта медициналық және фармацевтикалық білім беру кеңесінің мүшесі болған.

«Әкемнің атына тақтайша қойылғанын көптен бері қалап едім. Бұл жерде атам мен әкемнің інісіне арналған ескерткіштер ілінген. Міне, бүгін олардың жанына әкем де қосылды. Олар – айтуға тұрарлықтай қазақтың үш тұлғасы. Еліміздің медицина, мәдениет салаларына қосқан үлесі үшін мен оларды мақтан тұтамын», – деді Хамит Бегалиннің қызы Гүлнар Бегалин.

Новости партнеров