Биыл жаңа мектеп пен балабақша ашылады – Түрксіб ауданының әкімі

28.01.2019 21:05

Биыл Алматының Түрксіб ауданында 600 орынды мектеп пен 300 бөбекке арналған балабақша ашылады. Халыққа есеп беру жиынында аудан әкімі Кулагин жасалған шаруаларды жіпке тізіп, жұмыс жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша осы жылы 22 шақырым арық жүйесі салынып, 150 аула жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Көлік және автомобиль жолдары басқармасына 2019 жылы аудандағы 39 көшеге  орташа жөндеу жүргізу үшін өтінім жіберілді. Оған ұзындығы 25 шақырым жолдардан бөлек, жаңадан қосылған елдімекендердегі 12,4 шақырымды құрайтын 17 көше де кіріп отыр», – деді Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Павел КУЛАГИН.

Көше жарықтарын жаңғыртуға 270 млн теңге бөлініпті. Қаржыға балалар саябағын мен үш үлкен демалыс саябағын жөндеу жоспарланған. Әкімнің айтуынша, 2018 жыл Түрксіб ауданы үшін табысты болған. Өндіріс көлемі 156 жарым миллиард теңгені құрап, 78 миллиард теңгеден астам салық жиналған. Үш мың жаңа жұмыс орны ашылыпты.