Жер туралы заң жобасы Сенатқа жолданды

Жер туралы заң жобасы Сенатқа жолданды
Құжат 5 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы бүгін Сенатқа жіберілді. Құжат 5 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Сонымен қатар, шетелдік жер пайдаланушылардың, шетелдік капиталдың қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізу көзделген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мәжілістің барлық комитеттері осы заң жобасы бойынша оң қорытынды ұсынды. Мүдделі уәкілетті органдар, саяси партиялар, Қоғамдық ұйымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 3 отырысы және комитеттің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді. Баяндалғанды ескере отырып, Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасын тұтастай екінші оқылымда мақұлдап, оны Парламент Сенатының қарауына жіберуді ұсынады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Оспанов.

Новости партнеров