Мәжіліс депутаты энергетика министрлігінің жұмысын сынға алды

sputnik.kz
sputnik.kz
Жанармай бағасының өсуінен түптеп келгенде барлық тауарлар қымбаттап қарапайым тұтынушылар да зардап шегеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бензин бағасы қымбаттап жатыр. «Шұғыл шара қолдану керек» деп Үкіметке сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Альберт Рау жыл басынан бері АИ-92 маркалы жанармай бағасының 150-ден, кейбір өңірлерде 200 теңгеге дейін шарықтағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар энергетика министрлігінің «ведомство жанар-жағармай бағасына жауапты емес» деген мәлімдемесін сынға алды.

«Хабарламада «ішкі нарықта мұнай өнімдерінің бағасы реттелмейтіні, нарық бағаны сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындайтыны» жазылған. Жұмсартып айтқанда бейінді министрліктің біртүрлі позициясы айқын стратегия мен бензин бағасының өсуін тежейтін шаралардың жоқтығын көрсетеді. Өндірісте ақаулар болып тұратыны түсінікті, бірақ біздің ойымызша, бұдан автокөлік иелері зардап шекпеуі керек. Жанармай бағасының өсуінен түптеп келгенде барлық тауарлар қымбаттап, қарапайым тұтынушылар зардап шегеді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау.

Новости партнеров