Бір мезгілде 7 нысан қоқыстан тазартылды
Бүгін елімізде «Таза бейсенбі» науқаны бастау алды. Республика көлеміндегі тазалық акциясын «AMANAT» партиясы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Игі бастамаға тек Алматы қаласынан 300-ге жуық адам қатысып, бір мезгілде 7 нысанды қоқыстан тазартқан. Іс-шараға мұрындық болған партия өкілдерінің айтуынша, науқан апта сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Басты мақсат – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
– Тазалық акциясы бірнеше бағытта жүреді. Тарихи, мәдени, табиғи мұраларды вандализмнен қорғау керек. Жастарды мәдениеттілікке үйрету керек, – деді Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» кеңесінің төрайымы Қарагөз Сүлейменова.
Оқи отырыңыз: Жер дауы: Алматы облысында 429 отбасы далада қалуы мүмкін