|
12.12.2019 | 17:36
2046

Алатау ауданында 930 проблемалық жер учаскесі анықталған

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар арасында тұрғындардан жер мәселесіне қатысты 351 хаттама толтырылыпты

Алатау ауданында 930 проблемалық жер учаскесі анықталған

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен оның 724-і өз шешімін тапты. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің №2 комиссияның кеңейтілген отырысында айтылды. Жиын барысында жер қатынастары мен қала құрылыс басқарма басшылары  2019 жылды қорытындылады. Бұдан бөлек, қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жылдың жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыда 2011 жылдан бастап қала аумағы 2 есеге яғни, 68 мың 351 гектарға дейін артқан. Бүгінде ол 4 аймаққа бөлінген шаһарда көрсетілетін қызметтердің саны артып келеді. Мәселен, биылғы 9 айда тұрғындарға 14 500 қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27% -ға көп. Ал, цифрландыру аясында жыл басынан бері 1087 қызмет онлайн көрсетілген. 

«Биыл қала әкімі Бақытжан Әбдірұлының өзі бүкіл аудандарға барып шықты. Аудандарда көбінесе жер мәселесі көтерілді.  Соның дені Алатау, Жетісу аудандарында. 1-2 айдың ішінде Алатау ауданы туралы айтатын болсақ, 930 проблемалық жер учаскелері табылды. Солардың 724-і шешілді», – деді Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ САМАМБЕТОВ.

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар арасында тұрғындардан жер мәселесіне қатысты 351 хаттама толтырылыпты. Бүгінде тұрғындар арасындағы дау болған мәселелер департамент және қалалық соттың қатысуымен шешіліп жатыр.

«2019 жылдың қорытындысына сәйкес, қазіргі таңда 70 жер учаскесін пайдаланбағаны үшін алып қою туралы шешім қаблданды. Аталған жер учаскелері ілгері уақытта құжаттары берілгеннен кейін сот орындаушыларымен сауда саттыққа шығарылатын болады. Сауда саттық негізінде басқа адамдаға табысталатын болады», – деді Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Азат ИСЛАМОВ.

Ал, қалада жер қатынастарына байланысты заң бұзушылықтар жие кездеседі дейді жиынға келгендер. Мәселен, мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз басып алатындар мен тұрғын үйге берілген жерді коммерциялық мақсатта пайдаланатындар көп екен. Сондай-ақ басқосу барысында тұрғындардан көптеп келетін сұрақтарды қоғамдық кеңес мүшелері басқарма басшыларына қойды. Шарт бойынша 10 күннің ішінде басшылық тараптан сұрақтарға жауап беріліуі керектігін ескертті.  

Ұлағат Арғынұлы Валерия Таубалдиева «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир