Отбасы күні: Аягөз гарнизонының 60 әскери отбасына пәтер берілді

15.05.2020 в 21:06

Осы күнге дейін 1350 пәтерден тұратын 18 тұрғын үйдің 15-і толық жөндеу жұмыстарынан өткен

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Кішігірім мемлекет саналатын әр отбасындағы татулық пен тәрбиені ұлықтайтын, ата-ананың қадірін, баланың құқығын дәріптейтін мереке, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтулы күн қарсаңында Аягөз гарнизонының 60 әскери отбасына «Южный» жабық әскери қалашығында пәтер кілті табысталды. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ауланың аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы және жаттығу құралдарымен жабдықталған спорт алаңы жасалған. 

Осы күнге дейін 1350 пәтерден тұратын 18 тұрғын үйдің 15-і толық жөндеу жұмыстарынан өткен. 2018 жылы әскери қалашықта шамамен 1000 балаға арналған жаңа мектеп ашылған. Сонымен қатар, мұнда 200 орындық балабақша, әскери емхана мен госпиталь, азық-түлік дүкендері, спорт кешені және басқа да нысандар бар.