«Хайп қуғандар ғой»: Сағынтаев Алматының экс-әкімінің істегенін бұзып жатыр деген сөзге жауап берді

27.08.2019 21:06

Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде кейбір қолданушылардың әкімшіліктің кейбір шешімдеріне тіпті басқаша сипаттама беріп жатқанын атап өтті,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әкім дәл қазір ел арасында желдей есіп жүрген «Тимирязев көшесіндегі БРТ-ны алып тастайды екен»,  «Панфилов көшесінің концепциясын қайта қарайды екен», «қоғамдық көліктерге арналған жолақтарды жояды екен» деген  сөздерге қатысты пікір білдірді.  

«Маған тіпті кей журналистер арнайы келіп, кейбірі әлеуметтік желіде осы нәрселерге қатысты сұрақ қояды. Мен мұның барлығының бос сөз екенін айтқым келеді.  Ешкім еш нәрсені қырып-жойып, тыйым салғалы жатқан жоқ. Мұндай сөзді шығарушылар жай ғана хайп жасауды көздейді», - деді мегаполис әкімі.