Алматыда полиция көшедегі арық торын қасақана сындырмақ болған екі жігітке қатысты шара қолданбақ, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
WhatsApp желісінде таралған видеода екі жігіт жол шетіндегі арықтың бетіндегі шойын тордың үстінен секіріп, аяғымен сындырмақ болған.
«Бұлай жасауға мүлде тыйым салынған. Қисайған арық торының кесірінен қаншама апат болып жатыр. Адамдар шұңқырға түсіп кетуі мүмкін. Бұл салық төлеушілердің ақшасын құрту. Бұл басбұзарлар міндетті түрде ұсталып, оларға қарсы жаза қолданылатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.