Сноуден, Ассанж және Мэннингтің Нобель сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды

05.01.2021 в 21:06

Мейрид Корриган 1976 жылы Солтүстік Ирландиядағы қақтығысты шешкені үшін Нобель сыйлығын алған болатын

Нобель сыйлығының лауреаты Мейрид Корриган осы марапатқа Джулиан Ассанж, Челси Мэннинг және Эдвард Сноуден ұсынды. Бұл туралы Корриганның Нобель комитетіне жазған хатында айтылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Үшеуі де Нобель сыйлығына жеке-жеке ұсынылды, бірақ оны әлі ешкім алған жоқ. Менің оларды бірге ұсыну себебім: олар әрқайсы жеке-жеке биліктің заңсыз әрекеттерін ашып, батылдықтың сансыз мысалдарын көрсетті... және олардың өмірі адам рухының ұлылығын көрсетеді», – деп жазады Корриган.

Айта кетейік, Мейрид Корриган 1976 жылы Солтүстік Ирландиядағы қақтығысты шешкені үшін Нобель сыйлығын алған болатын. Ол Бетти Уильямспен бірге қақтығысты тоқтатуға бағытталған «бейбіт адамдар қауымдастығы» ұйымын құрған еді.