Зейнетақы қорындағы ақшаны алу жолдары қандай

© Sputnik / Тимур Батыршин
© Sputnik / Тимур Батыршин
2021 жылдан бастап әрбір Қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдан бастап әрбір Қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны тұрғын үй мәселесін шешуге, емделу ақысын төлеуге, сондай-ақ оларды қаржы компанияларының басқаруына беруге жұмсауға рұқсат етіледі. Тек жаңа мүмкіндікті толық пайдалану үшін азаматтардың жинақ шотында белгілі мөлшерде қаражат болуы керек. Ал зейнетақы қорында қанша ақша бар екенін қалай білуге болады? Алдымен, eGov.kz электронды үкімет порталына тіркелу керек. 

Қызметке онлайн тапсырыс беру үшін - электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе сим-картадағы электрондық цифрлық қолтаңба және логин мен құпия сөзді пайдалануға болады. 

Тіркелгеннен кейін, eGov порталының басты парақшасынан "әлеуметтік қамтамасыз ету" бөліміне өтсеңіз, "зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу" тармағын көресіз. Онда "онлайн-сұрау" арқылы қажетті уақыт аралығы таңдалып, "сұрау жіберу" батырмасы басылады. Соңында, онлайн қызметті хабарламалық құпия сөз немесе электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалана отырып, растау қажет. Осылай зейнетақы жинағы туралы ақпаратты 10 минут ішінде жүктеп алуға болады.

Новости партнеров