Алматы зообағындағы қоқиқаздардың видеосы жұртшылықты тәнті етті

11.10.2022 в 21:07

Қызғылт қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

Алматы хайуанаттар бағының тоғанында серуендеп жүрген қызғылт қоқиқаздар әлеуметтік желі қолданушыларды тәнті етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызғылт қоқиқаздардың әдемі бейнесі Алматы зообағының Instagram-парақшасында жарияланды.

«Бұл кезде зообақта да ерекше жағдай болды. Ауа райы ыстық емес, шулы тіршілік саябырсып, айналада тыныштық орнаған. Жануарларды емін-еркін тамашалауға мүмкіндік көп. Күзгі бояулардың арасында біздің қызыл қоқиқаздар да ерекше көрінеді. Сіздерді Алтын күздің көркін тамашалап, зообағымызды аралауға шақырамыз»,- деп жазылған Алматы зообағының Instagram-парақшасында.

Қызғылт қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі.