Алматының іргесіндегі Чапай ауылы күн санап көркейіп келеді

30.10.2019 21:07

Ауылда 1981 жылдан бері жөндеу көрмеген әкімдік ғимараты жаңартылды

«Туған жерге туыңды тік». Бұл бағдарлама аясында, шалғайдағы ауылдардың  берекесі кіріп келеді. Елді мекендерге жол салынып, жаңа нысандар бой көтеруде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәселен, биыл Іле ауданына қарасты Чапай ауылында 1981 жылдан бері жөндеу көрмеген әкімдік ғимараты жаңартылды. Жаңа нысан ауылдың 90 жылдығына орай өткен торқалы тойда пайдалануға берілді.

«Көшенің бәріне асфальт төселіп, су келіп тұр. Ауылымыздың көркі кіріп келе жатқанына сондай қуанамыз», – деді тұрғын Балапан БЕРСІМБАЕВ.

Ауылда қазір 10 мыңнан астам халық бар. Өңірде, әсіресе, спорт саласына қолдау көрсетіліп келеді. Күрес, бокс сияқты спорт түрлерінен Азияда өткен жарыстарда топ жарған жастар көп. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлер жастарға зәулім спорт кешенін салмақшы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына да ерекше көңіл бөлінген.

«Егін шаруашылығы, мал шаруашылығын да қалдырмай, оны да іске асырып, жұмыс атқарып жатырмыз. Бізде ауылымызда екі бордақылау алаңы бар. Тағы бір бордақылау алаңын салуды жоспарлап жатырмыз», – деді Алматы облысы Чапай ауылдық округінің әкімі Қанат РАХИМОВ.