Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде Ұлыстың ұлы күні тойланды

01.04.2022 в 21:08

300 литр Наурыз көже дайындалды

Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде Ұлыстың ұлы күні тойланды. Әз-Наурыздың ұлттық сипаты тарқатылып, мәні айтылған дүбірлі күнде спорттық ойындар мен айтысқа да кезек беріліп, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. 300 литр Наурыз көже дайындалды. Айта кету керек, қазақы сән мен салтанаттың ортасы болған мерекелік жиынды аталмыш оқу ордасы мен «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.


«Мереке күндері студенттер демалыста болды. Мерекеге негізгі қатысушыларымыз - елдің түкпір-түкпірінен келген  студенттер мен ұстаздарымыз. Сонымен қатар Мысыр елінен келген ғалым-ұстаздарымыз мерекенің куәсі болады», – дейді Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің директоры Қайрат Құрманбаев.

«Бүгін тамақтан дәс татып, ас таратылды, садақа берілді. Ойындар ойнатылып, сыйлықтар үйлестірілді», – «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабеков.