Президент елордадағы жылу нысандарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды

04.10.2023 21:08

Мемлекет басшысы «Тұран» газ жылу стансандағы жүмыс барысымен танысты

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу, сорғы-сүзгі стансасының, сондай-ақ үшінші жылу электр орталығындағы құрылыс жұмысының барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу аясында құрылыс компаниясының өкілдері Қазақстанда газ жылу стансаларының өндірістегі отандық үлесін арттыру үшін газ жабдықтарын өндіруші кәсіпорынмен арада уағдаластық бар екенін жеткізді. Өз кезегінде Мемлекет басшысы газ жылу стансаларын кезең-кезеңмен пайдалануға беруді тапсырды.

– Ең алдымен, жобалардың сапасы жоғары болуы тиіс. Біз оны қадағалаймыз. Мұндай жобалар қалаға өте қажет. Мен бұл жерге осы мақсатпен келдім, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент әр қалада үш негізгі мәселе – жылу, жарық және су проблемасы бар екенін айтып, тұрғындар бұл қажеттілікті міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек екенін ескертті. Мемлекет басшысы «Сөз елорда туралы болып отырған соң, ешқандай кідіріс болмауға тиіс» деді. Сондай-ақ Президент елорда халқының саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына байланысты қосымша су көздерімен қамтамасыз ету жолын іздеу қажет. Сонымен қатар, қаладағы жаңа жылу нысандарының құрылысын уақытылы аяқтауға пәрмен берді.


– Қазір қалада ауыз суға байланысты мәселе жоқ. Қарашада «Нұра» жерасты су көзінен қуаты 48 мың текше метр болатын су құбырын тарту, сондай-ақ «Тельман» сорғы стансасының қуатын күніне 160 мың текше метрге дейін жеткізу жөніндегі жобалау жұмыстары аяқталады, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қасым-Жомарт Тоқаев бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған зауыттың жұмысын көрді. Президент Қазақстан мен Орталық Азияда кәсіпорынның болашағы зор екенін айтып, мемлекет тарапынан қолдау болатынын жеткізді.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы «SANA» оқушылар сарайына барды