Жамбыл облысындағы ауылдар жарықты уақытпен тұтынуы мүмкін – басқарма басшысы

20.10.2021 21:09

Қазірдің өзінде жүйелік операторға қарбалас уақытта әр аудандағы ауыл жарығын кезекпен өшіріп отыру керек деп тапсырма берілген

Almaty.tv

«Жамбыл облысындағы ауылдар тоқырау жылдарындағыдай, жарықты уақытпен тұтынуы мүмкін». Бүкіл облысты электр энергиясымен қамып отырған мекеме басшысы Әлихан Жарболов осындай мәлімдеде жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Қазірдің өзінде жүйелік операторға қарбалас уақытта әр аудандағы ауыл жарығын кезекпен өшіріп отыру керек деп тапсырма берілген. Ал облыстық Энергетика басқармасы былтырғыға қарағанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясын тұтыну 11 пайызға жоғарылағанын растап отыр. Сондықтан тұтыну режимін қалыптан тыс қолданбау үшін шектеу енгізілген. Ал мүдделі мекемелер мен министрлік бұл мәселеге қатысты «облыстағы жалғыз су электр станциясының өнімділігін арттыру керек» деп шешім қабылдаған.   

«Қазір 267 мВт пен жұмыс істеп жатса, жүктемесі ұлғайған кезде 4000-500 мВт деңгейге жетеді. Тиісінше, алдағы уақытта болып қалуы мүмкін деп жоспарланып отырған оңтүстік өңірлердегі тапшылық толық осы ЖГРЭС есебінен жабылады деп отырмыз», – деді облыстық Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков.

Энергетиктің сөзінше, Батуров атындағы су электр станциясының қазір тек екі блогы ғана жұмыс істеп тұр. Алда тағы бірнеше блог қосылса, 440-450 мВт электр қуатын өндіруге қауқарлы екен. Дегенмен ол үшін газдың тұтынуы артып кетуі мүмкін. Мәселен, қазіргі таңда 600 миллион куб қолданып жатса, 3-4 блокты жұмыс істету үшін, оны 1,5-2  млрд куб газға ұлғайту қажет.

Айта кетер ақпар, облыстың энергия көзін пайдалану көлемі – жылына 4 млрд кВт/сағ. Қазіргі уақытта өңір оның жартысын ғана өндіріп отыр.