Жексенбі ортақ демалыс күні болып табылады
Алдағы шілдеден бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы іске қосылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еңбек кодексіне енгізілген тиісті өзгерісте бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы және толық емес жұмыс аптасы қарастырылып отыр. Яғни, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім бойынша іске асырылмақ. Ал жексенбі ортақ демалыс күні болып табылады. Ескере кететін бір жайт, 4 күндік жұмыс форматына ауысқан қызметкерлерге үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленбейді. «Сондай-ақ ай сайынғы алып жүрген жалақысына әсер етуі мүмкін» деді министрлік өкілі.
«Азаматтар бір апта 4 күндік жұмыс аптасы, келесіде 5 күндік , одан кейін 6 күндік кестемен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Айлықты кезең немесе тоқсандық кезең деп қарастыруы мүмкін», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің басқарма басшысы Шалқар Оразбеков.