«Қазгидромет» еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады
Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше тасжол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, Павлодар облысында "Ленин-Ертіс-Русская Поляна" автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті", "Өскемен-Семей", "Омск-Майқапшагай" тасжолдары жабылды. Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдай министрлігінің аумақтық бөлімшелері бес облыстағы жолда қалып кеткен 77 адамды эвакуациялады. Жедел құтқару шараларына 611 маман мен 321 техника жұмылдырылған.
Еске салайық, «Қазгидромет» еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.