Қазақстанда кімдердің қарызы кешіріледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің жауабы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Олжас Қизатов банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктерден 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемеген 1,5 млн-ға жуық қарыз алушы бар екенін айтты.

- Банктер балансында 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемегендер саны – 980 мың адам, микроқаржы ұйымдарының балансында – 332 мың адам. Яғни, банктермен салыстыратын болсақ, Микроқаржы ұйымдарында қарыз алушылардың саны айтарлықтай аз, - деді агенттік төрағасының орынбасары. 

Оның сөзінше, 1,5 млн қарыз алушы үшін осы қаржы ұйымдарымен: банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен мақсатты жұмыс жүргізу керек. 

- Банктер мен микроқаржы ұйымдарымен бірге қаржылық жағдайы жоқ қарыз алушылар, яғни көпбалалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік осал топтары санатына жататын жеке тұлғалар бойынша жұмыс жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие берушілер, негізінен осы қарызды есептен шығаруға және кешіруге бағытталған шараларды жүзеге асырып жатырмыз, - деді Қизатов. 

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары 2024 жылғы сәуір айындағы мәлімет бойынша қазақстандықтардың мерзімі өткен несиелік қарыз сомасы 1,6 трлн теңге болғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:ҰҚК-ның қызметкері ретінде танысып, пара алған тұрғын ұсталды

Новости партнеров