ҰҚК қызметкері ретінде танысып, пара алған тұрғын ұсталды

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының тұрғыны өзін ҰҚК-ның қызметкері ретінде таныстырып, пара алған. Ол өз тарапынан тексеру шарасын тоқтатуға уәде беріп, 6 млн теңгені алып жатқанда ұсталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы прокуратурасы және ҰҚК-мен бірлесе жүргізген шара барысында, екі тарап 12 миллион теңгеге келіскені анықталды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Ұстау іс-шарасында белгілі болғандай, сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады. Оның жартысын алған кезде, азамат ұсталды. Бұл факт бойынша тексеру басталды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабы тәртібінде өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Бүлдіршіндерді зорлап келген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

Новости партнеров