Жабық жол бөлігін Алатау трассасы бойынша Гүлдала ауылына шығып, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолы қиылысындағы жолайрықтан бұрылып Гүлдала ауылына қарай шығатын эстакада арқылы айналып өтуге болады
«Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысындағы жолайрық құрылысы» жобасы аясында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 25 қазан сағат 23:00-ден 7 қарашада сағат 18:00-ге дейін Құлжа тасжолындағы №8 бұрылыста көлік қозғалысы толығымен шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жабық жол бөлігін Алатау трассасы бойынша Гүлдала ауылына шығып, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолы қиылысындағы жолайрықтан бұрылып Гүлдала ауылына қарай шығатын эстакада арқылы айналып өтуге болады.
Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бухтарминская көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын биылғы қарашада толық аяқтау жоспарланған.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.