|
08.04.2021 | 16:09
317

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығына ие болды

Аталмыш заңға биыл 20 наурызда қол қойылып, 5 сәуірде заң күшіне енді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығына ие болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығына ие болды. Аталмыш заңға биыл 20 наурызда қол қойылып, 5 сәуірде заң күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

З сәйкес «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 15-бабы бойынша парақорлармен күресетін қызмет жаңа құзырға ие болды.  

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылар туралы хаттамалар толтыру құқығы берілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласындағы 2 құрам, мемлекеттік билік институттарына  қол сұғатын және әкімшілік-құқықтық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты 7 құқық бұзушылық туралы баптар», – деді қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеу басқармасының бөлім басшысы Марат Мұхамеджанов.

Жемқорлықпен қоғамдық негізде күрес жүргізіп жатқан белсенділердің айтуынша, күшіне еңген заң мемлекеттік агенттікпен бірлесе қызмет атқаруда сеп болмақ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеп жүрген қоғамдық негізде біз сияқты азаматтарға үлкен көмек болады. Агенттікпен тікелей байланыста жүрген қоғам белсенділеріне де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жүргізіп отырған жұмыстарына тың серпін беретін жаңалық деп айта аламын», – деді «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев.

Bólisý


Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!