Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады

30.03.2024 21:09

Халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Өз кезегінде шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пунктерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз, - дейді комитеттен.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысындағы ахуал бақылауда