Үндістанда «қара зеңді» жұқтырғандардың саны 40 мыңнан асты

30.06.2021 21:09

31 мың науқастың мұрны, мұрынның қосалқы қуыстары және мидың бір бөлігі зақымданған

Үндістанда «қара зеңді» жұқтырғандардың саны 40 мыңнан асты. Бұл туралы елдің денсаулық министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

31 мың науқастың мұрны, мұрынның қосалқы қуыстары және мидың бір бөлігі зақымданған. Ал эпидемиядан 3 мыңнан аса адам қайтыс болған. Сондай-ақ, «қара зең» жұқтырғандардың 64 пайызы диабетпен ауыратыны белгілі болды. Айта кетейін, мукормикоз немесе «қара зең»  саңырауқұлақ инфекциясын тудыратын асқыну. Ол теріге жара немесе күйік арқылы, сондай-ақ қоршаған ортадағы саңырауқұлақ спораларымен тікелей байланыс арқылы енеді. Ауру диабеті бар және иммунитеті төмен науқастар үшін, әсіресе, коронавируспен ауырғандар үшін қауіпті.