Депрессияны қалай жеңуге болады: Инспектор-психологтар Алматы облысы полицейлеріне арнайы дәріс өткізді

Polisia.kz
Polisia.kz
Оқу барысында аудиторияға бейнероликтер мен қысқа метражды фильмдер көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Облыс полицейлерімен психологиялық тұрақтылықты арттыру мақсатында арнайы сабақтар онкүндігі өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Биылғы жылдың 10-20 қыркүйек аралығында екінші онкүндікте қалалық және аудандық бөлімшелерде, сондай-ақ Алматы облысы Полиция департаментінің өзінде штаттық психологтар құқық қорғау органдарының психологиялық тұрақтылығын арттыру бойынша бірқатар сабақтар ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара «Моральды рух – табыс кепілі» онкүндігі аясында өткізілді. Бірінші кезекте дәрістер мен семинарлар халықпен тікелей байланыста болатын бөлімшелерде, атап айтқанда, кезекші бөлімдерде, жергілікті полиция қызметінің басқармалары мен бөлімдерінде, патрульдік полицияның батальондарында, роталарында және взводтарында өткізілді», – дейді Алматы облысы ПД инспектор – психологы Алина Атабаева.

Тәртіп сақшыларының алдында мамандар оң көзқарасты қалыптастырудың құпияларын ашып, өзін ізгілікке тәрбиелеуде және күнделікті өмірде қызмет пен үйде жағымды қарым-қатынас орнату үшін не қажет екенін түсіндірді. Полицейлерді эмоционалды өзін-өзі реттеу, тыныс алу және бұлшықет жаттығуларын қолдану дағдыларының оқыту әдістемесімен таныстырды.

«Оқу барысында аудиторияға бейнероликтер мен қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Сабақ соңында психологтар әртүрлі деңгейдегі басшылар мен олардың қарамағындағы қызметкерге қандай да бір төтенше жағдайда әрекет етуге үйрететін арнайы жадынамалар таратты. Мысалы, қауіпті тұлғаларды қалай анықтау керек, қажетті көмекті қалай көрсету керек, депрессияны қалай жеңуге болады», – деп атап өтті Алина Атабаева.

Өз кезегінде полицейлер ұсынылған психологиялық техникаларды ағымдағы жұмыста пайдалану жедел міндеттерді тиімді шешуге ықпал ететінін атап өтті. Ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру бойынша жұмыс әлі де жалғасын табатын болады.

Новости партнеров