Кішкентай оқырмандар арасынан ең көп кітап оқыған 11 балаға арнайы сыйлық табысталды
Алматы қаласында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Оқу лидері – 2020» жылдық қорытынды байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кішкентай оқырмандар арасынан ең көп кітап оқыған 11 балаға арнайы сыйлық табысталды. Олардың арасынан жеңімпаз атанған 4 жастағы Вера Чеплиева 102 кітап оқыған. Ал жыл сайын өткізілетін бұл байқаудың ұйымдастырушылары мұндай шаралар кішкентай балаларды кітап оқуға ынталандырады дейді.
«Кішкентай балаларымызды біз кітап оқуға баулимыз. Сол мақсатымыз. Осы жылда біз балаларымыздың қанша кітап оқығанын айтуымыз керек. Сол үшін біз осындай іс-шара өткізіп жатырмыз», – деді «Alatau creative HUB» меңгерушісі Айман Нұразхан.
Биыл оқу лидері атанған Вераның анасы қызын кітапханаға 2,5 жасында алып келген. Айтуынша, жас оқырманның кітап оқуға деген ықыласы ерекше. Алдағы уақытта да баланың бұл машығын дамытуға ниеттіміз дейді.