Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады
Қазақстанда жаңа мереке, яғни Азаматтық авиация күні бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.
-Аталған жобаға сәйкес Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында «Мерекелік күндердің тізбесіне жаңа атаулы күн – «1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация» күні қосылады, - деп жазылған.
Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.