Қазақстанда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға айыппұл салына бастады

Almaty.tv
Almaty.tv
Республика бойынша 379 молбильдік топтары жасақталып, 1300 рейдтік шаралар жүргізілге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отшашу жабдықтарын жаппай сатып алу маусымы басталды. Дегенмен кез келген адам пиротехникалық бұйымдарды сата алмайды. Заңсыз саудалайтындарға 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, желтоқсан айының ортасынан бастап республика бойынша 379 молбильдік топтары жасақталып, 1300 рейдтік шаралар жүргізілген. Нәтижесінде, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 13 фактісі тіркеліпті. Қоғамық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мобильдік топтар 10 қаңтарға дейін жұмысын жалғастырады.

«Мысалы, осы жылы 18 желтоқсанда Екібастұз қаласында полиция қызметкерлерімен «Инстаграмм» әлеуметтік желісін мониторингтеу кезінде тыйым салынған пиротехникалық бұйымдарды сату туралы жарнама анықталған. Заңсыз сатқаны үшін  тұрғын ҚР ӘҚбК 196-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған», – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Сылбек Ыдырысов.

Новости партнеров