Павлодар облысындағы «Қазавтожол» филиалының мамандары Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолындағы қардың не себепті тазаланбай жатқанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісі тас жолдардың қардан тазартылмай жатқандығы туралы шағымданып видео жариялаған еді. Айтуынша, жеңіл автокөліктер үшін жүру қиындық тудыруда.
Ал, облыстық «Қазавтожол» мекемесінің мамандары бұл Нұр-Сұлтан-Павлодар -Төрт-Құдық-Шідерті учаскесі екенін айтты. Қазіргі таңда жұмысшылар аталған жерде қар тазалау жұмыстарына кіріскен. Өз кезегінде "ҚазАвтоЖол Павлодар облыстық филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін жүргізушілерден кешірім сұрап отыр.
«12 қарашада бізде Павлодар облысында қар жауды, ол қар кешегі күнге дейін жауды. Боран болды. «Қазақавтодор» компаниясы күніне 65-тен 80 бірлік дейін техника жұмыс жасады. Олар екі ауысым бойынша жұмыс жасады. Бірақ бізде Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолы бойынша Төртқұдық ауылы маңайында қазіргі уақытта мердігер компанияның еншісінде. Ол участікте бірінші қар жауған кезде, қатып қалды да. Бірақ тахника жебіреліп, тиісті жұмыстар жасалды», – деді Павлодар облысы «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК филиалының директоры Ақылбек Қабылдин.