Нұр-Сұлтан және Алматы арасында ұшатын рейстерге билеттер сатыла бастады

28.04.2020 21:10

Ол туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

көрнекі сурет

Нұр-Сұлтан және Алматы арасында ұшатын рейстерге билеттер сатыла бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Екі мегополис арасында әуе рейстерін ашу туралы Мемлекет басшысы тапсырма берген еді. 1 мамырдан бастап күніне 4 рейстен қатынайды. Оның ішінде 2 рейсті «Эйр Астана», 1 рейсті «Fly Arystan» және 1 рейсті «SCAT» әуе компаниясы орындайды. Олар билеттердің бағасын рейстер тоқтатылғанға дейінгі соммада сақтауға міндетті. Егер ары қарай жағдай қалыпқа келсе, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралуда. Ұшулар Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Атап айтсақ, жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау секілді талаптар қойылған. Тағы бір айта кетерлігі, бортта тамақ берілмейді.