Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көрсеткіші төмендеді

20.04.2020 в 21:11

Полицейлер әлеуметтік көмек көрсету орталықтарымен, психологтармен және тиісті мамандармен бірлесіп, отбасында зорлық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетеді

polisia.kz

Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтар көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Төтенше жағдай жарияланғалы бері Алматы облысы аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық сипаты бар құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнамаға енгізілген тиісті өзгертулерге байланысты 30 тұлға әкімшілік қамаққа алынды, 11 азаматқа ескерту жасалып, 2 адам айыппұл арқалады. 

“Отбасылық қатынастарды дәріптеу, жанұядағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Осылайша, жыл басынан бері облысымызда жанұядағы құқық бұзушылықтардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда, отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткіші 32 пайызға төмендеді”,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтардан қорғау бойынша тобының аға инспекторы Алтынай Манбетбаева.

Полицейлер әлеуметтік көмек көрсету орталықтарымен, психологтармен және тиісті мамандармен бірлесіп, отбасында зорлық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетеді. Биыл отбасында зорлық-зомбылық көргендерге әлеуметтік көмек беру орталықтарына жеті әйел мен 14 бала жеткізілген. Аталған орталықта қызмет алушыларға жан-жақты психологиялық және құқықтық кеңестер беріледі.