Әскери медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

стоп кадр
стоп кадр
Террорлық әрекеттерден Қарулы Күштердің бір әскери қызметшісі қаза тауып, 287 қызметкер түрлі жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Онда Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық мекемелерінде жаппай тәртіпсіздіктер барысында жарақат алған Қарулы Күштердің әскери қызметшілері емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, елдегі террорлық әрекеттерден әскери борышын орындау кезінде Қарулы Күштердің бір әскери қызметшісі қаза тауып, 287 қызметкер түрлі жарақат алды. Оның 102-сі стационарлық ем қабылдап жатыр. 

«Шабуылдаушыларды тоқтатуға тырыстық. Біздің қолымызда қару болған жоқ. Біз Отанымызға деген, еліміздің алдында берген антымызға адал болып, оларға шабуыл жасамай, тек қана тоқтатуға, басуға әрекет істедік», – деді ҚР ҚК әскери қызметшісі Атабек Әбдіраимов.

Новости партнеров