Әуекомпаниялар кестесі кешіктірілген рейсті жолаушыларға хабарлауға міндетті

10.01.2023 21:11

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айтты

Almaty.tv

Әуекомпаниялар кестесі кешіктірілген немесе ауысқан рейстерді жолаушыларға хабарлауға міндеттеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар азаматтардың мобильді нөмірі мен электронды поштасына жоспарланған сапар туралы ақпараттарды уақытылы беруі шарт. Ал ұшу уақыты кешіктірілген жағдайда жолаушыны межелі жерге жеткізбегені үшін әр сағатына тариф құнының 3% мөлшерінде тасымалдаушы компания айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Ведомство ақпарынша, азаматтық авиация саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес, қаржылық қиындықтарға тап болған әуежайларға қолдау көрсетілмек.