Алматыда «Қамқорлық» бағдарламасы көмекке мұқтаж жандарға демеу болмақ. Елімізде мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлерге биылғы жылы 80%-ға тиімділік беретін, 18 басты іс-шарасы бар «Қамқорлық» жол карталарын бекіту ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соның аясында Алматыдағы Білім, Денсаулық және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бірігіп, ведомствоаралық семинар өткізді. Шарада мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәліметтер базасын біріктіру мәселесі де қаралды.
«Мұнда Брайль дисплейі орнатылған. Өзімнің компьютерде істеген жұмысымды мен осы жерден Брайль диспллейі арқылы оқи аламын. Бізтифлотехникалық құрылғыларды адаптациялаумен айналысамыз», – деді «ӘБЕО ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС тифлотехникалық құрылғыларды пайдалану бойынша нұсқаушы Анатолий МИГАЙ.
Осылайша мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бойынша шеберлік класстары өткізілді. Семинар «Қамқорлық» аймақтық жол картасын жүзеге асыруға бағытталады.
Мына Брайль шрифті бар заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, зағип жандар жұмыс жасауға толық мүмкіндік алады. Өздеріңіз көріп тұрған, мындағы дыбыс шығаратын жаңа құрылғылар мен мынадай арнайы жабдықталған компьютердің көмегімен олар жоғары білім ала алады. Тіпті кей мобильді құрылғыларды қазақ тіліндегі жазбаларды оқитын арнайы қосымша да бар екен.
Бір өкініштісі, бұл құрылғылардың бірқатары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көмекші компенсаторлық және техникалық құралдардың тізіміне кірмей қалып отыр. 2015 жылдың Қаулысына сәйкес, 2016 жылдан бастап міндетті жабдықтар тізімінен тифлокешен алынып тасталған екен.
«Зағип жандар үшін міндетті жабдықтар тізімінен тифлокешен алынып тасталды. Оған экран қолжетімділігін бағдарламалық қамтамасыз ететін компьютер мен дисплей кіретін. Бұл көзі нашар көретін жандарға ең керек құралдар еді. Демек, бұл – мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы білімге құштарларын, оқуға талпынғандарын оқу құралдарынсыз қалдырумен тең. Бұл жабдықтарсыз олар интеллектуалдық деңгейін көтеріп, білімдерін толықтыра алмайды», – деді «ӘБЕО орталығы» ЖШС бөлімінің қызметкері Сергей ДЯДЮЛЯ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған компенсаторлық және техникалық құралдардың тізімін кеңейту ісін үнемі бақылауда ұстайтындығын айтады. 2 жыл бұрын бұл тізімде мұндай оңалту жабдықтарының 33 түрі болса, қазір ол 55-ке жетті. Ал жекелеген жағдайлар бойынша енді сараптама өткізілетін болады.
«Кеше біз бұл кісімен кездестік. Анатолий заманауи құралдардың бірімен жұмыс істеп дағдыланған екен. Бұл ретте тифлотехникалық құралдар бойынша біз сараптаманы жеке-жеке қабылдап өткізетін боламыз. Оның қалдырайық деген құралдары Брайль тілін жетік меңгергендерге арналады. Бұл препараттарды біз әр-әр жерде мүмкіндігінше қосымша енгізу мәселесін қарастырамыз», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры Дәмежан СӘДУАҚАСОВА.
Бұл ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты департамент мамандары кембағал жандарды техникалық оңалту құралдарын пайдалануға үйрету, оқытуды қолға алмақ. Өйткені, құрал-жабдықтардың тілін білмесе, ол пайдаланылмай қалады дейді мамандар. Ал мұндай мобильді құрылғылардың құны да тым қымбат.
Сая Меңдеке, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы.