Қазақстанда әуе рейсі 5 сағатқа кешіксе, билет құны қайтарылады

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Заң өткен жылдың аяғында қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда әуе рейсі 5 сағатқа кешіксе, билеттің толық құнын қайтаруға болады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа жылдан бастап тиісті заңнамаға өзгертулер енгізілген. Бұған дейін әуе рейсі 10 сағатқа кешіктірілген жағдайда ғана жолаушыларға билет құны қайтарылатын. Енді бұл тәртіп екі есеге қысқартылыпты.

«Саладағы келеңсіздіктерді болдырмау үшін осындай шара қабылданып отыр», деді құзырлы мекеме өкілі.

Айта кетсек, жуырда ғана әуе компаниялары кестесі кешіктірілген немесе ауысқан рейстерді жолаушыларға хабарлауға міндеттелген болатын. Олар азаматтардың мобильді нөмір мен электронды поштасы арқылы жоспарланған сапар туралы ақпараттарды уақытылы беруі керек.

«Ескі заңнамаға сәйкес, әуе рейсі 10 сағатқа кешіктірілген жағдайда әуе компаниясы билет құны толық қайтарады. Осындай жағдайларды болдырмас үшін біз заңнамаға өзгерту енгізуді ұсындық. Заң былтырғы жылдың аяғында қабылданды. Егер кешігу уақыты 5 сағаттан асатын болса, онда билет құны толық қайтарылады», – деді Қазақстан авиациялық әкімшілігінің департамент директоры Нұржан Малаев.

Новости партнеров