Ол қызды орын бермегені үшін ұрған
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлікте төбелес шықты, деп хабарлады NewTimes.kz.
Орта жастағы ер адамның үлкендерге орын бермеген жас қызға жұдырық ала жүгірген видеосы @astana_drive парақшасында жарияланған.
«Екі баласы бар ана автобусқа кірді. Автобус жолаушыларынан өзіне орын беруін сұрады. Ешкім тұрмағанын байқаған орта жастағы ер адам бір жасөспірім қыздың жағасынан алды. Кейін жұдырығын түйіп, ұра бастады» - деп жазылған видеоның астында.
Ақпарат агенттігі Астана LRT баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды сұраған болатын. Алайда, олар бұл оқиғаның елордалық қоғамдық көлікке қатысы жоқтығын айтқан.