Алматыда аналар кездесуі өтті

13.05.2024 21:11

Онда қазіргі қоғамдағы ананың рөлі, табысқа шығу жолдары сынды тақырыптар қозғалды

Almaty.tv

Алматыда аналар кездесуі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда қазіргі қоғамдағы ананың рөлі, табысқа шығу жолдары сынды тақырыптар қозғалды.

Кездесуде отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген әйелдер кеңес айтып, өз тәжірибесін бөлісті. Еске сала кетейік, кеше елімізде аналар күні алғаш рет тойланды.

«Мұндай шаралардың өтуі өте маңызды. Себебі тепе-теңдік болу керек. Әйел адамға жұмысты да, үйді де бірге алып жүру өте қиын. Көп аналарға қолдау жетіспейді», – деді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Анастасия Ульченко.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында қызғалдақтардың табиғи паркі ашылады