Бүгін «Нұр Отан» партиясының мүшелері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Басты мақсат – ел президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру. Қалалық сайлауалды штабының мүшелері тұғырнаманың негізгі бөліктеріне тоқталып, ұлтты танытуда өнер мен мәдениеттің алар орнын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Үш бөлімнен тұратын бағдарламаның «Сабақтастық» тарауында Елбасы ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламалары айқын көрініс тапқан.
«Біз бұл ұжымды Нұр Отан партиясының атынан Президенттікке түсіп жатқан үміткеріміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырдық. Жалпы біздің барлық бастамамыз, әр іс-шарамыз осы мәдениет пен тәрбиеден басталады. Сол себепті осы салада еңбек етіп жатқан зиялы қауыммен кездесу біз үшін маңызды», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Ғани ТӘЖИЕВ.
«Әрине, мен Өнер академиясында қызмет жасағаннан кейін, жалпы өнерде жүргеннен кейін, маған Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында өнерге қатысты айтқан тұстары ұнады, көкейіме қонды», – дейді әнші Құдайберген БЕКІШ.