Баланы қараусыз қалдырмаңыз: Алматыда оқу-жаттығу шарасы өтті

02.08.2024 21:13

Мақсаты – табиғи апаттың алдын алу, халықтың сауатын арттыру

Almaty.tv

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт техникалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара барысында тұрғындарға төтенше жағдай және жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек екенін жіті түсіндірілді. Мақсаты – табиғи апаттың алдын алу, халықтың сауатын арттыру. Оқу-жаттығу кезінде балалардың терезеден құлау дерегін азайту үшін әдістемелік құжат берілді.

– Жазда елдімекендерде ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қадағалауды түсіндіріп жатырмыз. Терезе ашық, сондықтан балаларды қараусыз қалдырмау керек, – деді Наурызбай ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Еркебұлан Өмірболат.

Көпқабатты үйлердегі қауіпсіздікке жауапты мамандар төтенше жағдай болса, дабыл жүйесінің ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын айтты.

– Мақсатымыз – оқыс жағдайдың алдын алу. Тұрғындар өрт шыққанда, жер сілкінгенде қауіпсіздік ережелерін білмейді. Сол себепті оларға ескертіп, көрсету және үйрету – міндет, – деді құрылыс компаниясы қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Бектұрғанов.

Оқи отырыңыз: Жедел ішек инфекциясы: ата-ана нені ескерген жөн