Елімізде бірқатар ақпараттық жүйе жұмыс істемейтін болады

14.07.2023 21:13

Электр жабдықтарында профилактикалық жұмыс жүргізіледі

trend.az

Осы жексенбіде Қазақстанда бірқатар ақпараттық жүйе жұмыс істемейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл 16 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін электр беру жабдықтарында профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Осыған байланысты комитетке қарасты мына ақпараттық жүйелер жұмыс істемейді:

e-Salyq Business;

e-Salyq Azamat;

Web-портал;

Салық төлеушінің кабинеті;

Е-терезе;

ЭШФ;

ОБДШ;

АСТАНА-1;

Мемлекеттік мекемелермен интеграциялар «ЭҮШ» және «СЭҮШ» арқылы сыртқы (интернет) контуры.

МКК қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрайды.