Француз киносының жұлдызы Жан-Луи Трентиньян дүниеден өтті
Бұл туралы журналистерге оның әйелі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Француздың ең танымал және көрнекті актерлерінің бірі Жан-Луи Трентиньян 91 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы журналистерге оның әйелі хабарлады.
Трентиньян «Алтын пальма бұтағы» мен «Оскар» алған танымал фильмдерге түскен. Атап айтсақ, «Үш түс: Қызыл», «Дзета», «Конформист» және «Махаббат» сияқты кинофильмдерде ойнаған.
Трентиньян 1930 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген.
Қатерлі дертке шалдыққан Трентиньян көпшілік алдына соңғы рет 2019 жылы Канн кинофестивалінде шыққан болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25