Қостанай облысына шегірткелерді улау үшін дәрі жеткізілді
Almaty.tv
500 гектар жер зардап шеккен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында қаптап кеткен шегірткелерді улау үшін дәрілер жеткізілді. Бүгін Үкімет отырысынан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «шаруалардың мыңдаған гектар егіс алқабы зардап шегіп жатыр» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство басшысының сөзінше, ол жерге министрлік өкілдері мен мамандары барған. 500 гектар жер зардап шеккен. Жағдай қалыпты деген Қарашөкеев шегірткемен күрес республиканың барлық облысында қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.
– Ахуал тұрақты. 500 гектар жер зардап шекті. Негізгі жұмыс тек Қостанай облысы емес, барлық облыста атқарылып жатыр, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25