AKIMAT LIVE тікелей эфирінде алматылықтарды сумен қамту мәселесі талқыланады

14.11.2019 14:57

Көрермендер студияға хабарласып, көкейдегі сұрақтарын қоя алады


Суық судың тарифі көтеріле ме?

Таяу арада қаладағы қай аудандарды орталық сумен жабдықтауға қосады?

Кәріз суларын ағызып тастау тарифі неге көтеріледі?  

Осы және басқа да сұрақтарға бүгін кешкі 20:00-де AKIMAT LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде «Алматы Су» МКК Бас директорының орынбасары Берік Жамбылов жауап береді.



«Алматы Су» МКК Бас директорының орынбасарына қояр сұрақтарыңыз болса, мына нөмірге жіберсеңіздер болады: WhatsApp 8 777 046 33 33, сондай-ақ Almaty TV арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыра да аласыздар.

Сұрақтарыңызды сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласып қойсаңыздар да болады.

Бағдарламаның тікелей эфирін Аlmaty.tv арнасының Facebook и YouTube парақшаларынан көре аласыздар.