Қазақстанда 211 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысанды қамтитын 8 мыңнан астам өнеркәсіп кәсіпорыны бар
Өткен жылмен салыстырғанда өлім өсімі 1,7 есеге көп. Жалпы саны 24 апат орын алған. Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Аманиязов Мәжіліс депутаттарына кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 211 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысанды қамтитын 8 мыңнан астам өнеркәсіп кәсіпорыны бар. Негізінен бұл – жер асты кеніштері мен көмір шахталары, металлургиялық-химиялық және мұнай өңдеу зауыттары, атом өнеркәсібі нысандары.
«Апаттың негізгі себептеріне тоқталсам, бірінші – нормативтік қызмет мерзімі өткен, тозығы жеткен жабдықтарды пайдалану. Екіншісі – өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен қағидаларын бұзу. Үшінші – төмен өндірістік бақылау немесе оның болмауы және жұмыс персоналының төмен біліктілігі», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз ЕРЖАНОВ.