Оқу жылы басталғанша ауданда 1000 балаға мектепке қажетті құралдар үлестіру көзделіп отыр
Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы аясында Әуезов ауданының 36 оқушысы сөмке, форма және кітап-құралға қарық болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мұндай шара жомарт жандардың арқасында жүзеге асуда. Оқу жылы басталғанша ауданда 1000 балаға мектепке қажетті құралдар үлестіру көзделіп отыр. Ата-аналар ұйымдастырушылар мен алтын жүректі азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
«Әрине көңілден шығады, әр берілген затқа шүкіршілік етеміз. Рахмет бәріне. Жылда негізі әр балаға 200 мың теңге көлемінде шығады. 4 балаға арналған мектеп формасы, спорттық киімдері, тіпті аяқ киіміне дейін бәрі бар», – дейді Айгүл НОБАЕВА.
«Бұл шара бүгін бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Бұл акция барлық ауданды қамтиды. Біз аз қамтылған отбасылардың барлық балаларына көмек беруге тырысамыз», – деді «NUR OTAN» депутаттық фракциясының мүшесі Ерболат ҚАСЫМОВ.