Алматыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Сурет: Аlmaty.tv
Сурет: Аlmaty.tv
Жәрмеңкенің мақсаты - жастарды жұмыспен қамтуға көмектесу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халыққа бос жұмыс орнын ұсыну жөніндегі іс-шараны Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты және Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2023 жылғы 3 қарашада сағат 11:00-де Шұғыла 347 шағынауданында Бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкенің мақсаты - жастарға, оқу орындарының түлегіне және жұмыс іздеушілерге компанияға қолжетімділігін арттыру. Жұмысқа қабылдау үрдісін жеңілдету және жұмыс берушілерге лайықты кандидаттарды тарту арқылы олардың тұрақты қызметке орналасуына жәрдемдесу. 

Жәрмеңкеге қала бойынша 80-нен астам жұмыс берушісі, 500 жұмыс орнына 100-ге жуық бос жұмыс орын ұсынады деп жоспарланады.

Барлық жұмыссыз азаматтар мен  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тұрақты жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік беретін жәрмеңкеге шақырады.

Оқи отырыңыз:  Еліміздің ғалымдары тұрақты жалақымен қамтамасыз етіле ме

Новости партнеров