Ашық аспан астындағы кинотеатр. Енді алматылықтар аптасына екі рет: сәрсенбі және сенбі күндері кешкілік отандық фильмдерді тегін көре алады. Ерекше шара Алматы кинофестивалінің қарсаңында арнайы өткізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл жолы кешкі серуенге шыққан тұрғындар «Бизнесмены» кинотуындысын тамашалады. Айта кетейік, аталмыш фильм жақында ресейлік көрермендерге де көрсетілуі мүмкін.
«Алматы кинофестивалі қарсаңында осындай жазғы алаңдағы кинотеатрды ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл бір жағынан отандық кинотуындыларды қолдау үшін керек. Оның үстіне кез келген жастағы адам отбасымен кешкілік ашық аспан астында уақытын керемет өткізе алады. Шара 14 қыркүйекте басталатын фестивальға жалғасады», – деді Almaty Film Festival бас продюсері Ернар ҚҰРМАШЕВ.