Алматылықтар жаңа жыл түнінде ғаламат отшашудың куәсі болды

01.01.2020 12:57

Қаланың көптеген тұрғындары Жаңа жылды "Астана" алаңында қарсы алды

Алматының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары «Астана» алаңында ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00-де онда отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт басталды.

Сахнада әсем ән мен би, әдемі әзіл орындалып, халық жаппай серуенге шықты.

Ал, сағат тілі тура  түнгі 00.00-ді соққанда алаңда ғаламат отшашу басталды. 

Жаңа жылдық отшашудың гүрсілдеген даусы мен ел-жұрттың бірін-бірі құттықтаған қуанышты үні астасып, мерекелік кешке өте көңілді әр берді.