Солтүстік Қазақстанда ірі көлемде есірткі сатқан азамат ұсталды

07.10.2021 в 21:16

30 жастағы ер адам есірткімен 3 ай бұрын айналыса бастаған

Солтүстік Қазақстанда 30 жастағы ер адам ірі көлемде есірткі сатпақшы болып қолға түсті. 3 ай бұрын бастаған заңсыз кәсібін Көкшетау қаласының тумасы Новоишимское ауылында дөңгелеткен. Күдіктінің үйінен бақандай бір рюкзак марихуана мен оны тартуға арналған құрал табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан бөлек, көлігі мен гаражында, орап сатуға дайындаған есірткі заттары тәркіленді.

«Химиялық зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар есірткі екені белгілі болды. Бұл салмағы 4 келіден асатын кептірілген марихуана және жалпы салмағы 242 грамм гашиш болып табылады. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың мүшелері мен облыс аумағында есірткі заттарын жеткізу арнасы анықталу үстінде», – деді Облыстық ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Руслан Үмбетов.

Теги: есірткі